384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында қос балабақша ашылды

  • 173
  • UPD: 15:09, 30.10.2019
Қарағанды облысында қос балабақша ашылды

Қарағанды облысының Жаңарқа селосында мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында екі бірдей балабақша ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қос нысанның құрылысына шамамен 70 миллион теңге қаржы жұмсалған. 160 бүлдіршінге арналған екі бөбекжайда енді 44 адам еңбек ететін болады. «Мұнда балалардың мектепке дейінгі білім алуына барлық жағдай жасалған», дейді құрылтайшылары.

Ата-аналар ай сайын әр балаға 41 мың теңге төлеу керек болса, соның 30 мыңы мемлекеттік тапсырыс ретінде бюджеттен бөлінбек. Жалпы бүгін Жаңарқа селосында 8 бөбекжай жұмыс істеп тұр. Алайда кезекте әлі де 820 бала бар.

Дәмеш Әрінова, Жаңарқа селосының тұрғыны:

– Кішкентай немерем 2017 жылы туған. Сол туған жылы біз тізімге тұрдық. Тізім бойынша кезегіміз келді. Екі жастан асты қазір. Бүгін топқа алды. Өте қуаныштымыз. Ата-аналар атынан көп рақмет айтамын.

Әбіл Бейсекеев, Жаңарқа селосының тұрғыны:

– Құдайға шүкір, бүгін екі кішкентайымызды осы бөбекжайға бердік. Бақыттымыз. Жұмысымызға да ыңғайлы. Уақытында әкеліп, уақытында әкетеміз.

Хабар 24 телеарнасы