430,73 519.25 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Президент тапсырмасы: шетелдіктерді шекарада тіркеу жұмысы қолға алынды

  • 999
  • UPD: 18:59, 30.10.2019

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті шетелдіктерді шекарада тіркеу жұмысын қолға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Күні кеше Алматы қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдіктерді тіркеуді мемлекеттік шекарада жүргізу керектігін мәселе етіп көтерген еді. Сонымен бірге ол Ішкі істер министрлігі бұл мәселемен айналысып жатқанын айтты. Қазіргі таңда тиісті жұмысты қолға алдық. Десе де, бұл жұмыс Сыртқы істер министрлігімен, Ұлттық қауіпсіздік комитетімен қосымша пысықтауды қажет етеді. Ол үшін заңнамалық тұрғыда өзгерістер енгізу қажеттігі бар деген ойдамыз. Осыдан соң белгілі бір шешімнен кейін тиісті мәліметтерді жариялаймыз», - деді ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Мұрат Қабденов Үкіметтің баспасөз орталығында.

Еске сала кетсек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңесте жуық арада шетелдіктерді міндетті тіркеу сияқты анахронизмнен құтылу керектігін мәлім еткен еді.

Хабар 24 телеарнасы