384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бизнесмендер көрші мемлекеттердің әлеуметтік және мемлекеттік жобаларына қатыса алады

  • 183
  • UPD: 18:35, 30.10.2019

Қазақстандық бизнесмендер көрші мемлекеттердің әлеуметтік және мемлекеттік жобаларына қатыса алады.

Сол секілді қырғыз елі, Өзбекстан мен Грузия кәсіпкерлері біздің елдегі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларына қаржы салуға мүмкіндік алды. Елордада өткен алғашқы инвестициялық форум кезінде тараптар ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Алғашқы форумға 20 елден сарапшы мамандар келді.

Мемлекет пен жекенің бірлескен жобалары көбейіп жатыр. Шығыс Қазақстанда 180 жоба мақұлданған. Нәтижесінде, өңірдегі балабақша тапшылығы проблемасы шешіле бастады. Ал Қызылорда облысының шалғай ауылдарында спорт кешендері дәл осы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде салынып жатыр. Яғни екі тарапқа да тиімді тұстары бар. Мынау Зайсан қаласындағы балабақша. Кәсіпкер мемлекетпен бірлесіп ашқан.

Динара Дубраева, қала тұрғыны:

- Балабақшаның төлемақысы өте қолайлы, 10 мың теңге, ол енді 10 мың теңге қалтамызға қолжетімді баға ғой, баламыздың енді ой-қабілеті де, тіл мәдениеті де дамып келеді.

 Алматы мен Қарағанды қалаларындағы жоғарғы оқу орындары жанынан студенттік емханалар ашылады. Медициналық мекемелер мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде салынады. Оған шетелдік инвесторлар да қатыса алады. Қазір, дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы, денсаулық сақтау саласында  біраз  жоба іске асып үлгерді.

Дегенмен, форумға қатысушылардың айтуынша, әлі де болса насихаттау жұмыстары керек. Себебі, кәсіпкерлердің көбі мемлекетпен әріптестік орнатудың тетіктерін түсінбейді.  Сондықтан, шетелердің тәжірбиесіне сүйену қажет.

Талғат Матаев, «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ Басқарма төрағасы:

- Шет мемлекеттермен өзара ынтымақтастық жасап, олармен тәжірбие алмасу. Олар МЖӘ –мен айналысқанда қандай жетістікке жетті. Біздің жинаған тәжірбеміз бар. Ең үлкен жоба, ол өздеріңіз білетін, республикалық БАКАД Алматының айналма жолы. 66 шақырым, класс А деген үлкен жоба, жол салу. 

Қазір, мемлекет пен жеке бірлесіп 1200-ден астам жоба жасаған. Жобалардың жалпы  құны 3,5 трлн теңгеден асады. 600 жоба бойынша келісім-шарт бар. Қалғандарын дайындап жатыр. Олардың көбі көбі білім беру және денсаулық сақтау саласында іске асып жатыр. Ендігі мақсат, басқа да салалардағы маңызды жобаларды көбейту.

Құрманғазы Ибрагимов, кәсіпкер:

- Жергілікті әкімшілікке оның тиімді жақтары өте көп. Біріншіден, жеке компания өзі нысанды салып біткенше тәуекелді өз мойнына алады. Аяқталып, іске қосқанша жеке компанияныі міндетінде. Әкімшілік оны қабылдайды. Содан кейін барып, төлей бастайды. 

Айта кетейік, мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамытуға арналған жол картасы жасалады. Онда нақты мақсат-міндеті, тетіктері мен іске асыру жолдары көрсетілдеді.

Авторлары: Ақсәуле Байменшина, Ерлан Наурызбаев

Хабар 24 телеарнасы