388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында ТЖД үйлерді өрт қауіпсіздігіне тексеруді күшейтті

  • 89
  • UPD: 20:31, 30.10.2019
Атырау облысында ТЖД үйлерді өрт қауіпсіздігіне тексеруді күшейтті

Атырау облысының Индер ауданында екі жастағы қыз балаға иіс тиген. Дәрігерлердің жіті қимылының арқасында бүлдіршін аман қалды.

Енді осындай жайттардан қауіптенген құтқару қызметі тексеру шараларын күшейте түсті. Тек бір күнгі рейдте оннан астам қоғамдық ұйымдар мен тұрғын үй иелеріне ескерту берілді. Жалпы жыл басынан бері 395 өрт қаупі тіркелген. Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің тексеру шаралары жылу мерзімі аяқталғанша жалғаса бермек.        

Жасболат Біржанов, облыстық ТЖД басқармасының басшысы:

- 10 көп балалы, аз қамтылған  тұрғын үйлерге он көмірқышықыл газын аныту орнату қондырғысын тегін орнаттық. Сол тұрғын үйлерге өрт қауіпсіздігін сақтау, өрт қауіпісіздігі талаптарын сақтау, орындау ережелері түсіндікі.

Хабар 24 телеарнасы