Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған ұйымның бүгінде 11 мыңдай мүшесі бар. Өңірлерге байланысты оның міндеттері де сан алуан.
Мысалы, оңтүстіктегі кеңес балиғатқа толмаған қыздардың ерте тұрмыс құрып балалы болу мәселесімен күрессе, Қызылорда облысында аналарға жұмысшы мамандығын игеруге жәрдемдеседі. Тұтастай алғанда, кеңес отбасылық құндылықтарды сақтаумен қатар, қайырымдылық шараларының ұйтқысына да айналды. Ондағы мақсат – қоғамды мейірбандыққа шақыру, мұқтаж жандарға көмек қолын созу.
Бақытжамал Максилова, Павлодар облысы ҚХА жанындағы аналар кеңесінің төрайымы:
- Кеңеске келгенде бір-бірімізден тәжірибе аламыз. Себебі, барлығымыздың мақсатымыз бір – балалар тәрбиесі және аналарға көмек көрсету. Біз мүмкіншлігі жоқ балаларға да көмек көрсетеміз. Сондай барлығымыздың жұмысымыз бір.