423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан Азия Орман ұйымына қосылды

  • 844
  • UPD: 22:53, 30.10.2019

Оңтүстік Корея Қазақстандағы орманды қалпына келтіруге бірнеше миллион доллар бөледі. Бұл туралы Сеулде AFOCO - Орман саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Азия ұйымына мүше елдер министрліктері басшыларының кездесуінде айтылды.

Форумға еліміздің атынан экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев қатысты. Азиялық орман шаруашылығы ұйымы он төрт мемлекетті біріктіреді. Штаб-пәтері Сеулде орналасқан. Қазақстан ресми түрде AFOCO-ға осы айда қосылды. Ерлан Нысанбаев атап өткендей, ұйым республикамызға орман аумағын территориямыздың бес пайызына жеткізуге көмектеседі. Қазір бұл көрсеткіш төрт те оннан жеті пайызды құрайды. Осы мақсатқа жету үшін, министрдің айтуынша, Қазақстанда жыл сайын алпыс мың гектарға дейін ағаш егіледі. Еліміз AFOCO-мен бірлесіп жүзеге асырғысы келетін негізгі жобаларының бірі - құрғап қалған Арал теңізінің табанына ағаш отырғызу.

Ерлан Нысанбаев, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі:

- Кореяның өзінде мысалы елуінші жылдан бері қарай олар екі жарым миллиондай гектар орманды қолдана тұрғызып міне осы технологияларды дамытқан мемлекеттің қатарына кіреді сол себептен Қазақстан үшін осының бәрін өте керек те әрі қызық.    

Пак Чон Хо, Корея Республикасы Орман қызметінің вице-министрі:

- Қазақстанда Орман саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Азия ұйымының аймақтық кеңсесін ашу ұсынылды. Оң шешім қабылданған жағдайда Орталық Азияда алғашқы өкілдігіміз ашылады. Бұл сіздердің елдеріңізбен тығыз жұмыс істеу үшін жақсы мүмкіндік. Қазақстан вице-министрі корей тарапына мамандар даярлауға арналған білім беру орталығының жобасын қолдауды ұсынды. Біз бұл мәселені ел ішіндегі тиісті ұйымдар деңгейінде зерттейтін боламыз.

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы