388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында заңсыз құмар ойындарын ұйымдастырған 11 мекеменің жұмысы тоқтатылды

  • 112
  • UPD: 09:00, 31.10.2019
Атырау облысында заңсыз құмар ойындарын ұйымдастырған 11 мекеменің жұмысы тоқтатылды

Атырау облысында заңсыз құмар ойындарын ұйымдастырушылардың қатары азаймай тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Экономикалық тергеу департаментінің мәліметі бойынша бүгінде түрлі құмар ойынға тәуелді адамдардың қатары көбейген. «Көлеңкелі экономиканың» басты көзі болып табылатын кәсіп түрі сұраныс артқан сайын қызу жүруде. Ақпан-қыркүйек айларында экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жүргізген рейдтік шара кезінде осы заманғы ең озық ойын техникаларымен жабдықталған 11 ойын орны табылды. Олардан ойын автоматтарынан өзге қомақты қаржы тәркіленді.

Хабар 24 телеарнасы