387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда STEM турнирі ұйымдастырылды

  • 102
  • UPD: 08:58, 31.10.2019
Петропавлда STEM турнирі ұйымдастырылды

Петропавл қаласында цифрландыру күндері басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның аясында студенттер мен оқушылар арасында STEM турнирі ұйымдастырылды. Шараға 120 бала қатысып, сандық технологиялар бойынша өзара сынға түсті. Жас өнертапқыштар робот құрастырып, дрондарды жинап ұшырды. Сонымен қатар күн сәулесінен энергия алу жолдарын түрлендірді. Қатысушылардың айтуынша, бұл – жас буынның арасында IT мамандар толқынын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Денис Самохин, «Юниор Код» бағдарламалау мектебінің директоры:

– IT мамандар өте қажет. Бізде бос орындар бар. Сондықтан осы шараға келіп, балаларды баулуға барымды салдым. Бұл – болашағы зор мамандық. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының көздегені де сол.

Хабар 24 телеарнасы