384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда «Менің туым – менің Отаным» атты акция ұйымдастырылды

  • 385
  • UPD: 13:18, 31.10.2019
Оралда «Менің туым – менің Отаным» атты акция ұйымдастырылды

Оралда жасотандық жастардың бастамасымен «Менің туым – менің Отаным» атты акция ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Тәуелсіз елде өмір сүретін келешек буын өкілдері үшін көк байрақтың маңызы ерекше. Егемен елдің әрбір азаматы туымызды мақтан тұтады. Акция мақсаты да жастарды мемлекеттік рәміздерді насихаттап, отансүйгіштікке баулу», – дейді ұйымдастырушылар. Шараға жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері мен өңірдің белсенді жастары қатысты.

Бақыт Ерасыл, самбо күресінен жастар арасында әлем чемпионы:

– Туымыз өзге елдерде тек қана екі жағдайда көтеріледі екен. Өзіміздің туымызды өз елімізде, өзіміздің жерде де үлкен құрметпен көрсетсек, осындай үлкен жетістіктерге жетеміз деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы