376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы LRT ісі: 6 күдікті бар

  • 247
Елордадағы LRT ісі: 6 күдікті бар sputniknews.kz

Нұр-Сұлтанда LRT көлігінің құрылысына қатысты ақша жымқыру ісі бойынша алты күдікті бар.

Олардың төртеуі – әкімдіктің бұрынғы қызметкерлері, барлығы басшылық қызметте болған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің екінші департаментінің басшысы Сергей Перов айтты.

«Тергеу жалғасып жатыр. Сараптамалар аяқталуға жақын қалды. Келтірілген шығын да артты, миллиард теңгеден асады. Бүгінде алты адам осы іс бойынша күдікті, олардың төртеуі әкімдіктің лауазымды тұлғалары болған», – деді Перов.

Оның айтуынша, күдіктілерді әлі ұстаған жоқ. Олардың бірі – Astana LRT компаниясының экс-басшысы Талғат Ардан, қазір Интерпол оған халықаралық іздеу жариялады.

Хабар 24 телеарнасы