425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҰОС-тан оралмаған қазақстандықтар туралы деректер іздейтін бірлестік құрылды

  • 1110
  • UPD: 14:18, 31.10.2019
ҰОС-тан оралмаған қазақстандықтар туралы деректер іздейтін бірлестік құрылды baq.kz

Ұлы Отан соғысынан оралмаған жауынгерлер туралы деректерді іздеуге көмектесетін «Atamnyn amanaty» қоғамдық бірлестігі құрылды.

«Қайырымдылық негізінде кәсіпкерлердің қолдауымен Ұлы Отан соғысында мерт болған және хабарсыз кеткен қазақстандық жауынгерлерді іздестіру бойынша сайт жасалып, 300 өтінімнің 42-сінің тағдыры анықталды. Қысқа мерзім ішінде жауынгерлер жерленген жерге екі отбасының сапары ұйымдастырылды. Сондай-ақ, Мазыбай Сүйінбаевтың сүйегі елге қайтарылып, жер қойнауына тапсырылды», - деді «Atamnyn amanaty» қоғамдық бірлестігінің басқарма басшысы Мұрат Молдағалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Бірлестіктің басты мақсаты – Ұлы Отан соғысында қаза тапқан және хабарсыз кеткен қазақстандықтарға қатысты деректерді анықтау, жерлерген жерлерін іздеу.

Бірлестік басшысының айтуынша, 1939-1945 жылдары соғысқа аттанған 1,5 миллион қазақстандықтың 600 мыңға жуығы қаза тапса, 270 мыңға жуығы із-түссіз жоғалған.

Автор: Д.Доспан

Хабар 24 телеарнасы