388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда ҚХА кеңесінің 10 жылдығына орай форум өтті

  • 115
  • UPD: 17:36, 31.10.2019
Нұр-Сұлтанда ҚХА кеңесінің 10 жылдығына орай форум өтті

Қазақстан Халқы Ассамблеясының еліміздегі 40-қа тарта жоғары оқу орнында кафедрасы бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елдегі ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты көздейтін құрылым жұмысын бұдан былай да жандандыра түспек. Бұл туралы ҚХА-ның ғылыми-сарапшылық кеңесіне 10 жыл толуына арналған форумда айтылды. Басқосуда кеңестің осы жылдардағы жұмыс қорытындысы мен елімізде татулық пен келісімді дамыту мәселелері талқыланды. Сарапшылардың айтуынша, сан алуан этнос пен конфессия өкілдерінің басын қосып, бейбіт өмір салтын құру – өте маңызды міндет. Осы мақсатты орындауда Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның ғылыми-сарапшылық кеңесінің орны ерекше.

Анатолий Башмаков, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі:

– Келесі жылы ҚХА-ның құрылғанына 25 жыл толады. Осы ширек ғасыр ішінде қоғамдық институт өзінің қажеттілігін, қоғамда атқаратын рөлін айқын көрсетіп бере алды. Міне, ассамблеяның ғылыми-сарапшылық кеңесіне де 10 жыл болды.  Осы жиынға аталған кеңестің мүшелерімен қатар кафедраның меңгерушілері де қатысып, пікір алмасты. Біз ел бірлігін нығайтуға арналған жұмысымызды одан әрі күшейте түсеміз.

Хабар 24 телеарнасы