384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда ақылы автотұрақтар көбейтіледі

  • 136
  • UPD: 22:38, 31.10.2019

Оралда ақылы автотұрақтар көбейетін болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірінші кезекте коммуналдық меншіктегі тұрақтар реттелсе, кейін жекенің қолына берілетіндерін дамытуға күш салынады. Өйткені, қала аумағында темір тұлпарлардың саны жыл санап өсіп келеді. Мәселен, шағын шаһардың өзінде қазір 8 мыңдай көлік тіркелген. Бұған қоса күн сайын қалаға сырттан 1 мыңға жуық көлік кіріп шығады. Оның 500-ден астамы транзиттік көліктер. «Ал қаладағы 600-ден аса көшеде көлік ағынын реттеу үшін автотұрақтарды ақылы жүйеге ауыстыру қажет», – дейді мамандар. Мысалы, қазіргі таңда автовокзал аумағындағы жекенің қолына өткен автотұрақ бірқатар талаптарға жауап береді. Келешекте теміржол вокзалы мен магистралды көшелерден тыс аумақтарға да осы тәсіл енгізілмек.

Абат Шыныбеков, қала әкімі:

– Егер де автотұрақтарды қою үшін ол жерде міндетті түрде реттеуіш болу керек және автотұрақтарды күтіп ұстау керек. Әрине, сервистік қызмет ретінде де ұсынуға болады. Мемлекет тарапынан болмаса жеке кәсіпкерлер арқылы сол тұрақтарды абаттандырып, күтіп ұстау үшін. Жарықтандыруы бар, кіріп шығатын орындары бар, керек болса шлагбаумдары бар. Осыларды бәрін орнату үшін жеке кәсіпкерлерге жалға беру арқылы жүзеге асыруға болады деп ойлаймыз.

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы