384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда автотұрақ мәселесі біртіндеп шешіліп келеді

  • 164
  • UPD: 21:21, 31.10.2019
Атырауда автотұрақ мәселесі біртіндеп шешіліп келеді

Дегенмен соңғы жылдары авто көліктердің санының артуына байланысты тұрақ проблемасы да артқан, деп хабарлайды «Хабар 24»

Облыс орталығындағы авто және теміржол вокзалдары, халықаралық әуежайдағы тұрақтарға кіріп-шығу тегін. Атап айту қажет стратегиялық маңызы жоғары бұл нысандарға кіріп-шығу уақыты шектелмейді. Бүгінгі таңда қалада 200 мыңға жуық авто көлік тіркеуде тұр. Бұл әрине автотұрақтардың санын арттыруға қосымша жүк болып отырғандығы анық. Аталған мәселе облыстық қоғамдық кеңес отырысында да арнайы қаралып, қазір бірқатар оң істер қолға алынған. Жаңадан салынып жатқан мөлтек аудандарда автотұраққа орын қалдырмаса, құрылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат етілмейтін болды. Соңғы жылдың өзінде көшелерді кеңейтудің арқасында 15 авто тұрақ іске қосылған. Жергілікті билік алдағы үш жылда авто тұрақ мәселесін толық шешеміз деп отыр.

Аңсаған Сағынбаева, қалалық ТҮКШ және автомобиль жолдары бөлімінң баспасөз хатшысы:

– Осы жоба аясында бұл көшелердің барлығында да автотұрақ, аялдауға арналған арнайы тұрақтар қарастырылған. Жалпы, бұл төрт көшеден бөлек тағы жаңғыртудан өтетін әлі 11 көше Оның барлығында да авто көліктердің тұрақтауына арналған арнайы аумақтар қарастырылған.

Хабар 24 телеарнасы