420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскеменде жылу жүйелерінің қысқа дайындығы мығым

  • 566
  • UPD: 20:07, 31.10.2019
Өскеменде жылу жүйелерінің қысқа дайындығы мығым

Өскеменде биыл жылу жүйелерін қысқа әзірлеу жұмыстары қарқынды жүргізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, Защита, Аблакетка және Әуежай аудандарындағы қазандықтар мен жылу тарату желілері күрделі және ағымдағы жөндеуден өтті. Қала бойынша жылу мекемесі 9 шақырымға жуық жүйені жаңартты. Қазандықтардың тоқтаусыз жұмыс істеуі үшін биыл 82 мың тонна қатты отын алынады. Қараша айынан бастап кесте бойынша қазандықтарға келіп түсетін бұл көмір мөлшері жылу маусымын өткеруге толық жетеді. Жалпы, қазандықтар мен желілерді жөндеп, қалыпқа келтіру шараларына 700 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалған.

Хабар 24 телеарнасы