388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде екі айда мыңнан аса үй өрті тіркелді

  • 106
  • UPD: 20:49, 31.10.2019
Елімізде екі айда мыңнан аса үй өрті тіркелді

Бірінші қыркүйектен бері тұрғын үйлерде мыңнан аса өрт болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан 20 адам көз жұмып, 34-і жарақат алды. Ал улы газдан иіс тиіп, 6 азамат бақиға аттанды. Осы кезге дейін аймақтардағы төтенше жағдайлар бөлімшелерінің мамандары 169 мың үйді тексеріп шыққан. 62 мың тұрғын жайда 65 мыңдай қауіпсіздік талаптарын бұзған жайттар анықталды. 5 мың тұрғын түрлі себептермен үйлерінің пешіне тексеру жүргізуден бас тартқан. Әсіресе ауыл, аудандарда өрт деректері көп тіркеледі. Сондықтан бірқатар баспаналарға арнайы құрылғылар қойылды. Десе де, мамандар сақтық шараларына әркім өзі жауап беруі тиіс екенін ескертеді.

Владимир Беккер, ҚР ІІМ ТЖ комитетінің төрағасы:

– Жер үйлердегі өрт көп жағдайда электр желілері мен автономды жылыту жүйелерін пайдалану кезінде шығады. Тұрғын жайларға жергілікті атқарушы органдардың қаражаты, демеушілік көмек есебінен 24 мың датчик орнатылды. Бірақ қондырғыға сеніп, бейқам жүруге болмайтынын айтқымыз келеді.

Хабар 24 телеарнасы