426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Жас маман» жобасы аясында оқу орындарының техникалық мүмкіндігі жақсартылады

  • 1585
  • UPD: 22:27, 31.10.2019
«Жас маман» жобасы аясында оқу орындарының техникалық мүмкіндігі жақсартылады

Жастар жылы аясында қолға алынған «Жас маман» бағдарламасы бойынша еліміздегі колледждердің материалдық-техникалық базасы жаңартылмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл заманға сай білікті маман әзірлеу мақсатында қолға алынған іс. Қазір бағдарлама талаптарына сай келетін оқу орындары іріктелуде. Еліміздегі 600 колледждің ішінен 180 кәсіптік оқу орны таңдалып алынады. Алматыдағы энергетика және электронды технологиялар колледжі аталған жобаға 2 мамандық 6 біліктілік бойынша қатысқан. 55 жылдық тарихы бар оқу орнында қазір 9 мамандық бойынша 1800 студент білім алып жүр. Соңғы уақытта энергоменеджмент, өндірісті автоматтандыру сияқты жаңа мамандықтар ашылған. Сондай-ақ, еліміздегі ірі компаниялармен жасалған келіссөздер негізінде өндіріске қажет мамандар дайындалады.  «Жас маман» жобасы колледждің оқу-өндірістік базасын жаңартып қана қоймай, құзыреттілік орталығын құруға мүмкіндік береді», – дейді мамандар.

Төлеуғали Тайтулеев, колледж директоры:

– Жоба бойынша 300 миллион теңге көлемінде электромонтаж шеберханасын жабдықтауға өтініш бердік. Мұндай заманауи жабдықтар бізге жоғары деңгейлі маман әзірлеу үшін өте қажет. Бұл еліміздің энергетика саласының дамуына жол ашады.

Хабар 24 телеарнасы