384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Корея БҰҰ-дан Пхеньянға салынған санкцияларды алып тастауды сұрады

  • 222
  • UPD: 09:28, 01.11.2019
Оңтүстік Корея БҰҰ-дан Пхеньянға салынған санкцияларды алып тастауды сұрады

Оңтүстік Кореяда үкіметтік емес ұйымдар Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінен Корей Халық Демократиялық Республикаға қарсы санкцияларын алып тастауды талап етті.

Белсенділер жиналысы Сеулде өтті. Олардың пікірінше, Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдері әділетсіз және тек державалар күшін көрсетеді. Өйткені зымыран сынақтарды Солтүстік Корея ғана емес, АҚШ пен Қытай да жүргізеді. «Бейбіт теміржолы» қозғалысының жетекшісі Чон Сон Хи КХДР-ға қарсы санкциялар елдің ядролық сынақтар кезінде пайда болғанын еске салды. Алайда қазір белсенділердің айтуынша, Пхеньянның бұл әрекетті жалғастыратындығына ешқандай дәлел жоқ, сондықтан шектеулерді алып тастау керек. «Бейбіт теміржолы» қозғалысында санкциялардың алынып тасталуы қандай табысқа әкелетінін де есептеді. Оңтүстік және Солтүстік Корея ынтымақтастығының экономикалық тиімділігі жылына сегіз миллиард доллардан асады. Белсенділер мұндай нәтижелерді екі елдің темір жолдар қосылатындығымен байланыстырады. Солтүстік пен Оңтүстік тұрғындарын ортақ мәдениет, жақсы еңбек сапасы байланыстырады. Оңтүстіккореялық кәсіпкерлер төмен салықтар, жерді жалдау ақысы және ыңғайлы жер логистикасы арқасында КХДР-ға инвестиция салуға дайын.

Чон Сон Хи, «Бейбіт теміржолы» қозғалысының жетекшісі:

- Біз үкіметтен Америкадан санкцияларын алып тастауды талап етуіміз керек. Прокурорлық реформаларға байланысты наразылық акциясына бір миллионнан екі миллионға дейін адам жиналды, ал Солтүстікпен бейбіт бірігуге арналған шеруге жүз мың адам да шықпайды. «Адамдар үкімет тырысып бағуда, күте тұрайық» дейді. Алайда күте тұрсақ, бұл Мун Чже Ин үкіметіне көмектеспейді. Сонымен бір миллион адамды немесе кем дегенде бес жүз мың адамды Кымгансан курортын және Кэсон индустриалды кешенді ашу, темір жолдарды қосу үшін жинайық. Содан кейін Мун Чже Ин тыңдап, әрекет жасайды деп сенемін.

Хабар 24 телеарнасы