Ресейдің «Вечерний Ургант» бағдарламасында қонақта болған қазақстандық әнші Димаш Құдайберген бағдарлама жүргізушісі Иван Ургантқа шапан сыйға тартты.
Бағдарлама Ресейдің «Бірінші арнасында» Нұр-Сұлтан уақытымен түнгі сағат 01:30-да эфирге шықты.
Бағдарламаға Димашпен бірге РФ халық әртісі, композитор Игорь Крутой мен мәнерлеп сырғанаушы Аделина Сотникова қатысты.