432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Желтоқсанда Байқоңырдан зымыран-тасығыш ұшырылады

  • 1340
  • UPD: 10:16, 01.11.2019
Желтоқсанда Байқоңырдан зымыран-тасығыш ұшырылады inform.kz

«Роскосмос» ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорациясы 1 желтоқсанда Байқоңыр ғарыш айлағынан кезекті зымыран-тасығышты ұшырады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Роскосмос» 2019 жылдың басынан бері ғарыштық мақсаттағы 20 зымыранның және 12 жауынгерлік зымыран кешенінің ұшырылымын жасады. Жыл соңына дейін ғарыштық мақсаттағы 9 ұшырылымды және жауынгерлік зымырандардың ұшырылымдарын орындауды көздеп отырмыз. Сонда барлығы 40-тан астам (жыл бойы) болады», - деді «Роскосмос» басшысы Дмитрий Рогозин кеше Циолковский атындағы Ресей ғарыш академиясының отырысында.

Ресей Байқоңыр ғарыш айлағынан жүзеге асырған ұшырылымдар статистикасына сүйенсек, 2019 жылы 11 зымыран ғарышқа аттандырылды. Олардың төртеуі – «Протон-М», қалған жетеуі – «Союз».

Ал жыл соңына дейін Байқоңырдан «Союз-2» зымыран-тасығышының тағы бір ұшырылымы жасалады. Ол орбитаға «Прогресс МС-13» жүк кемесін шығаруы тиіс. Старт 1 желтоқсанға белгіленген.

Хабар 24 телеарнасы