384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысының кейбір ауылдары картадан алынып тасталды

  • 198
  • UPD: 11:10, 01.11.2019
Қостанай облысының кейбір ауылдары картадан алынып тасталды

Қостанай облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясында депутаттар шешімімен облыстың 5 ауылы қысқартылды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Мәслихат депутаттары Қостанай облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасына түзетулер енгізді. Соның бірі – облыстың әкімшілік-аумақтық құрылымындағы өзгерістер. Атап айтқанда, Қостанай ауданының Янушевка, Денисов ауданының Чебендовка, Әулиекөл ауданының Киров, Қарасу ауданының Братское және Күлеңсай ауылдары облыс картасынан алынып тасталды.

Депутаттардың сөзінше, олардың барлығы ірі елді мекендерге қосылған. Тағы сондай төрт ауылдық округ ауыл санатына енді.

 

Хабар 24 телеарнасы