384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да коллекционер бөлшектерден Harley Davidson мотоциклын құрастыруда

  • 175
  • UPD: 14:43, 01.11.2019

Петропавлдық Илья Загола мотоциклдердің бірегей коллекциясын жинады. Қазір оның шағын музейінде 30 шақты екі дөңгелекті көлік бар. Бәрі де жүріп тұр. Илья оларды ескі күйінде сатып алып, қалпына келтірген. 

Бұл әйгілі М-72 мотоциклі. Кезінде оның 8 жарым мыңы ғана шығарылған. Солардың бірі Илья Заголаға тиді. Ол раритет көлікті қалпына келтіріп, қайтадан көшеге шығарды. 

Бұл Ильяның «екінші өмір» сыйлаған жалғыз мотоциклі емес. Қазір оның корллекциясында 30 шақты екі дөңгелекті көлік бар. Урал, Ява, Тула, жас жігіттердің арманы болған Иж Планета Спорт, жапонның Сузукиі мен немістің БМВ-сы, бәрі де жүріп тұр. 

Илья Загола, коллекционер:

- Мына бір мотоцикл әкемдікі. Біз онымен саяжайға, саңырауқұлақ теруге баратынбыз. Бұл көліктерді қалпына келтіру осыдан басталды. Ағам екеуміз оны жинап, әкеміздің мерейтойына сыйға тарттық. 

Коллекционер мотоциклдерді жер-жерден жинады. Мәселен, «Ява - 250» - ді Белоруссиядан әкелген. 

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Мына бір «Уралмен» 95-жылға дейін сол кездегі милиционерлер, яғни жол сақшылары жүрген. Міне мотоциклдің қосалқы бөлшектері қаз қалпында сақталған. Тіпті, қолғаптары да бар. Қазір бұл раритет. Коллекционер оны Алматы қаласынан әкелген. 

Илья Петропавлда мотоцикл жинайтын жалғыз жан. Қазір коллекционер «Harley-Davidsonді» жинап жатыр. Оның коллекциясын көруге талай адам іздеп келген. 

Кирилл Майсак, «Северный ветер» мотоклубының президенті:

- Қонақтарды жиі қарсы аламыз. Соңғы рет чилилік азамат болды. Жапония, Слования, Польша, Ирландия елдерінің байкерлері де келіп кеткен. Ильяның коллекциясына бәрі таңқалады. 

Коллекционер мотоциклдерін сатпайды. Илья үшін олардың бағасы тым қымбат. 

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы