378,36 406,00 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде кассалық машиналарды қолдану тәртібі өзгереді

  • 310
  • UPD: 15:15, 01.11.2019
Елімізде кассалық машиналарды қолдану тәртібі өзгереді

Келер жылдан бастап елімізде бақылау-кассалық машиналарын қолдану тәртібі өзгереді. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Қаржы министрінің орынбасары Руслан Еңсегенов мәлімдеді.

Еңсегеновтың айтуынша, жыл соңына дейін шаруа қожалықтары бақылау-кассалық машиналарын тіркеуі керек.

«Бірінші қаңтардан бастап бұл жүйе салық режімін қолданатын салық төлеушілерге және бірыңғай жер салығын төлеушілерге енгізіледі» деді министрдің орынбасары. Сондай-ақ жаңа жылдан бастап еліміздің аймақтарында арнайы штабтар құрылады. Олар енгізіліп жатқан өзгерістерге қатысты сауда орындарында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. 

Заңғар Шындали, ҚР ҚМ МКК цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаменті директорының міндетін атқарушы: 

- 9 айдың қорытындысы бойынша онлайн кассалық-машиналарды қолданатын кәсіпкерлерді әкімшілендіру барысында 28 миллиард теңге шамасында түсім түсті. Бірақ жылдың аяғына дейін жоспар бойынша 40 миллиардқа дейін жету керек. Мысалы,  ресторандар күніне бір ғана түбіртекті береді, болмаса кейбіреулері мүлде қолданбайды. Бірақ сауда саттықта ондай  фактілер мүмкін емес.

Хабар 24 телеарнасы