419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтаулықтарды көк түтін мен жағымсыз иіс мазалауда

  • 793
  • UPD: 20:14, 01.11.2019
Ақтаулықтарды көк түтін мен жағымсыз иіс мазалауда

Ақтауды қалың түтін басты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көк түтінмен қоса күйіктің жағымсыз иісі 3 күннен бері сейілмей тұр. Бұл жағдай тұрғындарды қатты алаңдатуда. Олар далада демалудың мүмкін емес екенін айтып, шағымданып жатыр. Синоптиктердің мәліметі бойынша, екі күн бұрын қалада түтін тіркеліп, оның аумағы 4 мың метрге жеткен. Ал алдағы екі күн қалың тұман күтілетінін айтады. Түтін мен иістің қайдан келіп жатқанын анықтау үшін облыстық төтенше жағдайлар департаменті мониторинг жұмыстарын жүргізуде. Ал экологтар аталған иістің қоршаған ортаға, адам денсаулығына зияндылығын білу үшін 2 күннен бері бақылау жұмыстарын жасап жатыр.

Гүлнара Қожабекова, облыстық ТЖД баспасөз хатшысы:

– Маңғыстау облысы бойынша дала өрттері тіркелген жоқ. Сонымен қатар ТЖД мен басқа да құзырлы органдардың түтін иісі шығу бойынша, жолдарын табу бойынша мониторниг жасауда. 

Гүлім Ұлықпанова, облыстық экология департаментінің зертханалық талдамалы бақылау бөлімінің басшысы:

– Иістің Ақшұқыр ауылына дейін жеткені белгілі болды. Бүгін түнде мониторингті күшейту мақсатында экология департаменті штаттық режимде кезекші кестесін құрып, бүгін 1-нен 2-не қараған түні мониторингті күшейтеміз. Болжамды мониторинг жұмыстарының нәтижесінен кейін айта аламыз.

Хабар 24 телеарнасы