423,79 504.55 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда ЖОО цифрландыру табысты іске асуда

  • 1348
  • UPD: 11:02, 05.11.2019

Білім беру саласында цифрлық технологияларды пайдалануға бет алған жоғары оқу орындарының бірі – Алматы Менеджмент Университеті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Университет Documentolog электронды құжат айналымы жүйесі арқылы барлық ресми құжаттарынан бастап, студенттерге берілетін анықтамаларды да электронды форматқа өткізген.

Алматы Менеджмент Университеті Documentolog жүйесінде бес жыл бойы жұмыс істеп келеді. Жоғары оқу орнының барлық қызметі сол кезде-ақ, іс өндіру жұмыстарын электронды форматқа көшірді. Documentolog жүйесі студенттердің өтініштерін электронды түрде қабылдап, анықтамаларды бірнеше минуттың ішінде беруге мүмкіндік жасап отыр.

Қалилалло Байтасов, Алматы Менеджмент Университетінің Ақпараттық технологиялар басқармасының директоры:

– Бізде студенттерге арналған қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Онда студенттердің барлық өтініштері электронды түрде қабылданады. Яғни, Documentolog жүйесінің арқасында қандай да бір ақпаратты немесе анықтаманы алу мерзімі әлдеқайда қысқарды. Соның нәтижесінде студенттердің өтініштерімен тікелей жұмыс істейтін басқармалардың қызметі едәуір жақсарды.

Университет Documentolog құжаттық жүйесі арқылы қағаздық жүйеден арылып, уақытты және қаржы шығындарын үнемдеуге, сондай-ақ басқару органдарының шешім қабылдау ісін оңтайландыруға қол жеткізді. Жылдық экономикалық нәтиже ондаған миллион теңгеге дейін жетіп отыр.

Қалилалло Байтасов, Алматы Менеджмент Университетінің Ақпараттық технологиялар басқармасының директоры:

– Documentolog жүйесі университеттің көптеген процесстерін цифрландыруға мүмкіндік берді. Бұл – кадрлық құжат жүргізу ісі, ішкі құжат айналымы, студенттермен және олардың өтініштерімен жұмыс істеу. Сонымен қатар, университеттің серіктестерімен байланысы да электронды құжат айналымы арқылы жүргізіледі. Сол себепті университет жаңа технологияларға ашық деп үлкен сеніммен айта аламын.

«Documentolog құжаттық жүйесін енді еліміздің барлық іс жүргізу өндірісіне еңгізуді жоспарлап отырмыз», – дейді компания өкілдері.

Авторлары: Алуа Маханбет, Сержан Жұмабаев.

Хабар 24 телеарнасы