443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да «Аймақтың қауіпсіз жолдары» акциясы өтіп жатыр

  • 387
  • UPD: 15:24, 02.11.2019
БҚО-да «Аймақтың қауіпсіз жолдары» акциясы өтіп жатыр

Батыс Қазақстан облысында «Аймақтың қауіпсіз жолдары» атты акция бастау алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мақсаты белгілі. Жол қауіпсізідігін насихаттау. Көпшілікке мәлім шығар, жыл өткен сайын елімізде жол-көлік оқиғалары артып келеді. Мысалы, жыл басынан бері өңірде 118 көлік апаты тіркеліп, 34 адам қайтыс болды. Аталмыш акция аясында мектеп оқушыларымен және педагог мамандармен арнайы жұмыс жүріп, ережені түсіндіруге мән беріледі. Сондай-ақ автопарктер қызметкерлерімен де тренингтер өткізілмек. Нәтижелі жұмыстың бірі болашақта жүргізуші куәлігін алатын колледж студенттерінің жол қозғалысы ережелерін жан-жақты меңгеруін қамтамасыз етуге бағытталады. Мамандандырылған  халыққа қызмет көрсету орталығында ұйымдастырылған экскурсия барысында олар жол қозғалысы ережелері бойынша теориялық және практикалық білімді бағалаудың жаңа тәсілдерімен танысты.

Луиза Құсайынова,мамандандырылған ХҚКО бөлім басшысы:

– Емтихан тапсыруда бірқатар өзгеріс бар. Мысалы, бұрын жүргізуші куәлігін алуға үміткерлердің біліктілігін бағалау үшін 3 мәрте мүмкіндік берілетін. Ал қазір емтиханды күн сайын келіп тапсырса да болады. Қазір комиссия мүшелері бұрынғыдай емтихан бөлмесінде отырмайды. Адами факторды болдырмау мақсатында үміткерге бағдарламаны қосып бергеннен кейін сыныптан шығып кетеді.

Хабар 24 телеарнасы