387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда тұрғындардың кесірінен өрт сөндіру көліктері аулаларға кіре алмайды

  • 112
  • UPD: 15:30, 02.11.2019
Петропавлда тұрғындардың кесірінен өрт сөндіру көліктері аулаларға кіре алмайды

Петропавлда тұрғын үйлердің бірінен өрт шыға қалса дереу сөндіру мұң, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі ауладағы заңсыз қоршаулар кедергі. Былайша айтқанда әлгі қоршаудан өрт сөндіру көліктері өте алмайды. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары дабыл қаққалы қашан. Шақырту түсіп, ол дер кезінде қабылданып, арнайы техника жолға шыққанымен аулаға кіруі мүмкін емес. Тұрғындар өз қалауы бойынша кез-келген жерге бетоннан кедергі орнатып, жолды жауып тастаған. Аталған мәселе бүгінде тек құтқарушылардың ғана емес, сонымен қатар жедел-жәрдем қызметінің де мәселесіне айналып отыр. Сондықтан, қазір тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мұндай бөгеттер бұзылуда. Ал егер қоршау қайта қойылса онда іс сотқа жіберіліп, заңға бағынбағандарға айыппұл салынады. Жалпы жыл басынан бері шахарда 177 өрт оқиғасы тіркелген. Онда 10 адам қайтыс болды.

Айша Бәженова, қала тұрғыны:

– Былтыр осы жерде ойнап жүрген баламды көлік қағып кете жаздады. Сондықтан өз күшімізбен жолды бөгеп тастадық. Ертең мұндай жағдай тағы да қайталанбайтынына кім кепілдік береді?

Жанат Жұмажанов, қалалық ТЖ басқармасының аға инженері:

–Төтенше жағдай орын алған кезде әр секунд маңызды. Сондықтан заң бойынша мұндай кедергілер болмауы керек. Бүгінде қала бойынша біздің мамандар 46 аулада осындай бетон қоршауды анықтады. Біз олардың барлығын алып тастаймыз.

Хабар 24 телеарнасы