384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралдың іргесіндегі тоғай демалыс орнына айналады

  • 143
  • UPD: 17:14, 02.11.2019
Оралдың іргесіндегі тоғай демалыс орнына айналады

Оралда бастамашыл топ өкілдері қала іргесіндегі тоғайды демалыс орнына айналдыру тұжырымдамасын жасақтап, қала билігіне ұсынды.

«Перевалочная роща» аталатын бұл жер қаланың дәл іргесінде орналасқан. Аумағы 70 гектар болатын орман алабы қысқы және жазғы туризмді дамытуға өте қолайлы. Келешекте қала тұрғындарының алысқа сабылмай, осы жерге келіп, бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік мол. Тал мен теректің сан алуан түрі өсетін тоғай Жайық өзенінің жайылмаларына барып тіреледі. Құр сөзбен шектелуді жөн көрмеген бастамашыл топ өкілдері бүгін осы жерде арнайы сенбілік ұйымдастырды. Айта кетерлігі, қала билігі жастардың бұл ұсынысын қолдауға ниет танытып отыр.  

Әлішер Ғұмаров,  бастамашыл топ мүшесі

- Ең қызығы, біз бұл тоғайды Нью-Йорк қаласындағы орталық саябақпен салыстырып көрген кезде бірнеше ұқсастықты байқадық. Ол жақта  аумағы 6 шаршы шақырым болса, біздің тоғай одан екі есе үлкен. Дегенмен, бұл жерді лайықты демалыс орнына айналдыру үшін көп жұмыс жасалуы керек. Мысалы, мына жерге кез-келген көліктің кіріп шығуды шектеп, талапқа сай автотұрақ салу керек. Қалған қажет дүниелерді жасауға көп шығын кетпейді. 

Кенесары Нұрша, Nur Otan партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

- Бұл жерде Әлішердің өзі айтып өткендей үлкен концепциясы жатыр. Бұл жерде біріншіден бюджетке көп қаражат талап етпейтін шығындар. Екіншіден жанұялық демалыс келіп ұйымдастыруға болады. Үшіншіден барлығы да экологиялық таза материалдардан жасақталады жоспарға сәйкес. Және де қысқы, жазғы мезгілде қала тұрғындарына демалатын орын.

Хабар 24 телеарнасы