386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда 289 отбасы үшін атаулы әлеуметтік көмек төлемі тоқтатылды

  • 129
  • UPD: 18:29, 02.11.2019
Қостанайда 289 отбасы үшін атаулы әлеуметтік көмек төлемі тоқтатылды

Отбасылар сәуір айынан бері нақты табыстарын жасырып, әлеуметтік қызмет мамандарын алдап келген.

Енді қайта есептеу барысында олар мемлекетке 40 миллион теңге қайтарулары тиіс. Сондай-ақ тұрмысы төмен отбасылар тізіміндегі 19 жеке кәсіпкер де мемлекет жәрдемінен айырылды. Жалпы облыс орталығы бойынша атаулы әлеуметтік көмекке 3 мыңдай отбасы ие. Осы күнге дейін оларға 821 миллион теңге төленді. 

Ақбөпе Манатова, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы:

- 289 отбасының ішінен 43 отбасы өз еріктерімен қайтаратын болды. Бүгінгі таңда 13 отбасы бір миллион теңгедей ақшаны қайтарды бюджетке. Басқаларымен жұмыс өткізіліп жатыр. Сотқа арыз жазайын деп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы