385,01 426,40 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының үшінші кезеңіне өтініш қабылдау аяқталды

  • 167
  • UPD: 21:02, 02.11.2019

Бастама биылғы жылы жасы 39-дан аспаған жастарға арналып отыр. Жеңімпаздар 5 қараша күні онлайн дауыс беру арқылы анықталады.

Жобаның мақсаты – жетістікке жеткен тұлғалардың табыс сырын бұқараға жеткізіп, жастарды да сондай қадамдарға шабыттандыру. Мәселен, жобаның бірінші кезеңіндегі жеңімпаз Рахат-Би Әбдісағин жеңімпаз атанғаннан кейінгі екі жылдың жемісті болғанын айтады. «Қазақтың Моцарты» атанып кеткен ол бүгінде өз елін әлемдік деңгейде танытып жүр. 

Рахат-би Әбдісағин, композитор, жоба жеңімпазы:   

- Өмірдің өзі шабыттың көзі. Сол 2017 жылдың 1-желтоқсан күні тарихи біздің елбасымен кездесуіміз болды, сол кезден шабыт алып, қазір 2 жыл өтті, сол уақыттың ішінде 30 музыкалық шығарма жаздым, Оның ішінде 21 камералық, 9 симфониялық туынды.

Хабар 24 телеарнасы