384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда жоғалып кеткен оқушы қыз табылды

  • 230
  • UPD: 23:20, 02.11.2019
Таразда жоғалып кеткен оқушы қыз табылды

Таразда жоғалып кеткен 11-сынып оқушысы табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жамбыл облыстық полиция департаментінің жедел-іздестіру іс-шарасы барысында 2 қарашада жоғалып кеткен Асылжан Доғдырбай табылды. Іздеуде жүрген оқушы қыз Байзақ ауданы Мадимар ауылында болғандығы айтылған. Қазіргі уақытта ол ата-анасына жеткізілген» делінген хабарлама.

Еске сала кетейік, Жамбыл облысында 2002 жылы туылған Доғдырбай Асылжан Манатқызы 31 қазан күні сағат 12:00-де үйден шығып кетіп, қайтып оралмаған болатын.

Хабар 24 телеарнасы