388,28 427,67 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында жылу маусымында 100-ден аса өрт тіркеліп, 6 адам қайтыс болған

  • 122
  • UPD: 13:39, 03.11.2019
Қостанай облысында жылу маусымында 100-ден аса өрт тіркеліп, 6 адам қайтыс болған

Жылу маусымы басталғалы Қостанай облысында 100-ден аса өрт тіркеліп, 6 адам қайтыс болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған пештің дұрыс салынбауы себеп. Бүгінде аймақтағы жеті мыңнан аса тұрғын үй қатты отынмен жылытылады. Осы орайда төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері ауылдарды аралап, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Рейдтік шараның бірі – 781 үй ауласы бар Владимиров елді мекенінде өтті. Өрт қауіпсіздігіне қатысты тексеру мұнда тамыз айында жүргізілген. Сол кезде 16 баспанада ереженің сақталмағандығы анықталды. Төтенше жағдай қызметкерлері талапты бұзғандарға ешқандай шара қолданбайды. Тек ескертумен шектеліп жатыр.

Сайранбек Бекмағанбетов, ТЖД басқарма бастығы:

– Облыс бойынша 12 мыңнан аса үйді қарадық. Оның ішінде 752 үйге иелері кіргізген жоқ. Тағы бір келіп, осы үйлерді тексеріп кетеміз.

Хабар 24 телеарнасы