384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбенің ең үлкен мектептерінің бірінде шығармашылық орталығы ашылды

  • 250
  • UPD: 13:39, 03.11.2019
Ақтөбенің ең үлкен мектептерінің бірінде шығармашылық орталығы ашылды

Ақтөбенің ең үлкен мектептерінің бірінде үйірмелер орталығы ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл оқушылар мен олардың ата-аналары үшін зор қуаныш болды. Себебі үш ауысымда жұмыс істейтін «Нұр-Ақтөбе» ауданындағы жалғыз білім ұясында балалардың шығармашылықпен айналысуына жағдай болмаған еді. Түрлі үйірмелерге келетін оқушылар әр кабинетке көшіп жүретін. Өйткені 1 200 орындық мектепте бүгінде үш жарым мыңнан астам бала білім алып жатыр. Сондықтан оқу орны басшылығы ғимараттың жер төлесін пайдалануды ұйғарған. Енді мұнда би, спорт залы, шахмат, дойбы бөлмесі және қосымша ақылы білім беру кабинеттері бар. Төменгі қабатты мұғалімдердің өздері жасақтап, қажеттілікке жаратқан. Ата-аналар да қолдау көрсетіпті. Ал он мыңдаған тұрғыны бар бұл шағын ауданында жыл соңына дейін тағы бір мектеп ашылмақ.

Абзал Тажимишев, №60 орта мектептің директоры:

– Мектебімізде кабинет жетіспеушілігін жою мақсатында жасап отырмыз. Былай айтқанда, жоқтан бар жасап отырмыз. Алдағы уақытта біздің мөлтек ауданымызда үш кезеңде оқыту мәселесі шешіледі деген ойдамыз. Оны жергілікті басшылық, әкімшілік оны біледі. Мектебімізде оқушылар саны жылдан жылға артып отыр. Үйірмеге деген қажеттілік те, сұраныс та бар. Өйткені «Нұр-Ақтөбеде» жалғыз ғана мектеп бізде. Одан басқа, бұл жерде білім беретін мемлекеттік мекеме жоқ.

Хабар 24 телеарнасы