386,68 428,91 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында жауған қар көлік кептелісін туғызды

  • 185
  • UPD: 22:31, 03.11.2019
Маңғыстау облысында жауған қар көлік кептелісін туғызды

Маңғыстау облысының Бейнеу ауылы тұсында көліктер қардың мол түсуінен жол бойында тұрып қалған.

Бұл туралы Лада.кз сайты хабарлады. 

Келеңсіздікке тап болған көлік жүргізушілері жағдайды телефонға таспалап, әлеуметтік желі арқылы таратуда. Сондай видеолардың бірінің авторы төпелеп жауған қар жүк көліктерінің қозғалысын қиындатып, салдарынан жол бойында қаңтарылып тұрғандарын айтты.

Ал облыстық Төтенше жағдайлар департаменті көліктерді қар құрсауынан шығаруға «Қазавтожол» өкілдері көмектесіп жатқандарын жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы