384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алдағы үш жыл ішінде 9 мың пәтер жастарға жалға беріледі – Дәурен Абаев

  • 251
  • UPD: 11:32, 04.11.2019
Алдағы үш жыл ішінде 9 мың пәтер жастарға жалға беріледі – Дәурен Абаев zakon.kz

Алматы қаласында жастарға жалға берілетін пәтерлерге 200-ден астам өтініш түскен. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Мәжілісте өткен үкімет сағатында айтты.

«2019 жылы 3 мың пәтер Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастарға 5 жыл мерзімге жалға беріледі. Болжанған жалдау ақысы 15 мың теңгеден аспайды, ал тұрғын үй алаңы кемінде 40 шаршы метр. Нұр-Сұлтан қаласында пәтерлерге құжаттар қабылдау бүгін басталды. Алматы қаласы бойынша 200-ден астам өтінім түсті», - деді Дәурен Абаев.

Алдағы үш жыл ішінде осындай 9 мың пәтер берілетінін атап өтті.

«Бұл жүзеге асырылып жатқан шараларға қарап, жастарымыз баспана алу үшін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкентке жаппай көшуі керек деп түсінбеу керек. Сондықтан бұл пәтерді алу шартының бірі – сол қалада 2 жыл тұрақты тұруы керек», - деді министр.

Сонымен бірге жастарға жалға берілетін баспананы еліміздің басқа да өңірлерінде 2022 жылдан бастап салу мәселесін қозғады.

Автор: Д.Доспан

Хабар 24 телеарнасы