388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Сергек» жол белгісін елемейтін жүк көліктеріне автоматты түрде айыппұл салады

  • 137
  • UPD: 11:05, 04.11.2019
«Сергек» жол белгісін елемейтін жүк көліктеріне автоматты түрде айыппұл салады informburo.kz

Елордада үшінші жолаққа шығып алатын жүк көліктерінің жүргізушілеріне әкімшілік айыппұл салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Полиция департаментінің Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласы Жергілікті полициясының Әкімшілік полиция басқармасының ескертуінше, «Сергек» сертификатталған құралы көлік жүргізушілерінің жол белгілері елемей, ережені бұзғанын анықтайды.

«Жол қозғалысы ережелеріне сәйкес артық жүк тиеуге байланысты жиі қауіп төндіретін көп жүк таситын көлік құралдары жүргізушілерінің екінші жолақтан (үш және одан да көп жолақты қозғалысты ескере отырып) одан әрі өтуге құқығы жоқ. Аталған тәртіпті бұзғаны үшін көп жүк таситын көлік жүргізушілеріне әкімшілік айыппұл төлеу туралы нұсқамалар жолданатын болады», - делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, үшінші жолаққа тек бұрылу немесе солға бұрылып, кері бағытқа қайту үшін шығатын жүк көліктеріне рұқсат етілген. Осы талапты сақтамаған көлікті «Сергек» камералары автоматты түрде анықтайды, жүргізушіге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 601-бабы, 1-бөлігі бойынша 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынғаны жөнінде құжат жіберіледі.

Еске сала кетсек, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде өткен елорданы дамыту мәселелері жөніндегі мәжілісте «Сергек» жобасы қоғамдық қауіпсіздікті арттыру үшін толық көлемде пайдаланылмай отырғаны айтылған болатын.



Хабар 24 телеарнасы