429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Студент волонтерлердің шәкіртақысы көбейеді

  • 726
  • UPD: 12:21, 04.11.2019
Студент волонтерлердің шәкіртақысы көбейеді

Елімізде волонтерлік қызметпен айналысатын студенттердің шәкіртақысы 30 пайызға артпақ.

Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты.

 «Жаңа оқу жылынан бастап балалар үйлерінде, арнайы мектептерде, қарттар үйлерінде және басқа да мекемелерде волонтерлік қызметпен айналысатын жоғары оқу орындарының студенттердің шәкіртақысы 30 пайызға арттырылады деп жоспарлануда», - деді Дәурен Абаев.

Сонымен қатар волотерлікті жастардың еңбек өтіліне жазу туралы да айтып өтті.

«Қазір біз волонтердің жұмыс тәжірибесін еңбек өтіліне қосу және жоғары оқу орындарына, колледждерге түсу кезінде волонтерлік қызметті есепке алу мүмкіндігін қарастырамыз», - деді Д.Абаев.

Автор: Д.Доспан

Хабар 24 телеарнасы