388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматының ескі орталығы өзгереді

  • 135
  • UPD: 12:09, 04.11.2019
Алматының ескі орталығы өзгереді krisha.kz

2020 жылдың көктемінде Алматының ескі орталығында ауқымды қайта құру жұмыстары басталады.

Әкімдік «Неделька» субұрқағының (Байсейітова көшесі, Қабанбай батыр көшесінің қиылысы) келбетін жаңартуды, ГАТОБ және ҚБТУ, Байсейітова көшесінің жанындағы жаяу жүргіншілер алаңдарының дизайнын өзгертуді жоспарлап отыр, деп хабарлады krisha.kz.

Сондай-ақ сол жерлерге жақын орналасқан ғимараттардың қасбеттері де жөнделеді.

«Байсейітова көшесі мен оның айналасындағы алаңдарды жазға қарай өзгерту үшін көктемде абаттандыруды жоспарлап отырмыз. Біз Байсейітова көшесіндегі жаяу жүргіншілерге арналған алаңдарды, ГАТОБ және ҚБТУ жанындағы алаңдарды безендіруге арналған конкурс жариялаймыз. Біз бұл аймақты музыкалық кештер, түрлі тақырыптық көрмелер, көше қойылымдары мен шоулар өтетін тартымды орынға айналдырамыз», - деп жазды Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram парақшасында.

«Алматы» қонақ үйінің жанында жазғы кинотеатр мен тамақтану алаңы пайда болады.

 

 

Хабар 24 телеарнасы