421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда зағиптар үйі ашылуы мүмкін

  • 845
  • UPD: 13:50, 04.11.2019

Қазақстанда алғаш рет зағиптар үйі ашылуы мүмкін. Көзі нашар я болмаса мүлдем көрмейтін адамдарға пана болатын ғимарат елордада бой көтеруі ықтимал.

Бұл идеяны бір топ белсенді бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріне ұсынып, жобаның нобайымен таныстырды. Зағиптар үйінде жетім немесе қамқорсыз қалған жанарынан айырылған азаматтар тұра алады. Мұнда оларға медициналық көмек көрсетіліп, мәдени һәм спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады. Сондай-ақ жаңа орталық зағип жандарға кәсіп ашуға да жәрдемдеседі, деп жоспарланып отыр. Жоба әзірге қағаз бетінде жазылған. Іс жүзінде жүзеге асыру үшін инвесторлар керек. 

Біржан Нұрымбетов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

- Идеяңыз жақсы. Мен оны қолдаймын. Оның үстіне Қазақстанда зағиптар үйі болмаса, оны бастау керек. Сіздерге рақмет. Осыны ұйымдастырып, қоғамға жеткізу үшін біз толық қатысамыз. Мұны орынбасарыма тапсырамын. Жобаны біз қолдаймыз.

Хабар 24 телеарнасы