384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында «Жусан» операциясымен елге оралған 5 ана жаңа мамандық игерді

  • 174
  • UPD: 14:42, 04.11.2019
Атырау облысында «Жусан» операциясымен елге оралған 5 ана жаңа мамандық игерді

Атырау облысында «Жусан» операциясының арқасында елге оралған 5 ана жаңа мамандық игерді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев айтты, деп хабарлады Қазақпарат. 

«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жалпы құны 39 млрд 500 млн теңгенің 8 жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл көшелерді жарықтандыру, абаттандыру мәселелері және туберкулезді ерте анықтауға мүмкіндік беретін жобалар. Қазіргі уақытта конкурс сатысында 9 нысан бар. Жеке кәсіпкерлер 9 балабақша салмақ»,- деді ол.

Ноғаевтың айтуынша, облыста «Іскер ана» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жоба аясында қатысушылар кәсіпкерлік, психология, маркетинг бойынша маман-тренерлердің екі апталық курстарында оқиды. Жоба басталғалы бері 901 адам оқып шығып, қосымша мамандық игерді.

«Оның 665-і Атырау қаласынан болса, қалғандарды аудандарда тұратын азаматшалар. Соның ішінде 5 ана «Жусан« операциясы арқылы Сириядан елге қайтарылған», - деді облыс басшысы.

 

Хабар 24 телеарнасы