423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Президенттік резервтегі қызметкерлердің біліктілігін арттырудың курсы басталды

  • 655
  • UPD: 14:56, 04.11.2019

Құқық қорғау органдары академиясында президенттік резервте тұрған қызметкерлердің біліктілігін арттырудың кезекті курсы басталды.

Оған еліміздің әр өңірінен келген прокуратура, ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеу қызметінің басшылары қатысып, білімін жетілдірмек. Олар стратегиялық менеджмент пен жоспарлаудың қазіргі заманғы технологияларын меңгереді. Оқыту курстарын белгілі мемлекет қайраткерлері, құқық қорғау органдарының басшылары, беделді ғалымдар өткізбек. Бұдан бұрынғы курстардан өткен 80-нен астам қызметкердің үштен бір бөлігі жоғары лауазымға тағайындалған.

Арайлым Ерәділова, Құқық қорғау органдары академиясы кәсіби деңгейді арттыру институтының аға прокуроры:

- Президенттік резервттік курстан өткен қызметкерлер басшылық лауазымға тағайындалуға резервте тұрады. Тыңдаушылар бір ай көлемінде басқару және кәсіби құзыреттерін жетілдіруге бағытталған сабақтардан өтеді. Оның ішінде мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, дағдарыс кезінде келіссөздер жүргізу, шешендік өнерді қалыптастыру, заманауи ақпараттық технологиЯлармен жұмыс сияқты тақырыптарды қамтиды.

Хабар 24 телеарнасы