384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы Жас ұлан мектебіне 20 жыл толды

  • 175
  • UPD: 14:59, 04.11.2019
Елордадағы Жас ұлан мектебіне 20 жыл толды

Елордадағы Жас ұлан мектебіне 20 жыл! Осыған орай білім ошағының тәрбиеленушілері таң ертесімен сап түзеп, мектеп ауласында шерулетті.

Білім ошағына аты берілген генерал Сағадат Нұрмағамбетовтың ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоғын қойды. Мектептің тарихы мен үздік түлектері жайлы көрме әзірленіп, қонақтарға концерттік бағдарлама ұсынылды. Айта кету керек, еліміздің қарулы күштері үшін болашақ әскерилер дайындайтын білім ошағы  1999 шылы жылдың 4 қарашасынада ресми ашылған. Осы аралықта мектептен мың жарымнан астам жас өрен қанатын қатайтып, түлеп ұшты. Солардың мың екі жүздейі, әскер қатарында түрлі лауазымдарда қызмет атқарып жүр. Ал бүгінде мектепте 425 жеткіншек тәрбиеленіп жатыр. 

Тілеухан Басқожаев, генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің бастығы:

- Қазіргі таңда біздің мектептің қабырғасында Қазақстанның 14 облысынан 12 ұлт өкілдері тәрбие алуда. Бұл мектептің өзінің бір әлеуметтік жеңілдігі, жақсы жағымды көмегі бар. Мектептің 50 пайызы жеткіншектер жетім немесе толық емес отбасынан, жалғыз басты ана сондай отбасынан болып есептеледі.

Хабар 24 телеарнасы