388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тіркелмеген SIM карта сатқан ірі сауда желілеріне айыппұл салынды

  • 238
  • UPD: 14:52, 04.11.2019
Тіркелмеген SIM карта сатқан ірі сауда желілеріне айыппұл салынды коммерсант

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті абонентке тіркелмеген SIM карта таратқан ұялы операторлардың кейбір дилерлерін тексеруді аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нәтижесінде 4 сауда нүктесіне, соның ішінде «Технодом» және «Мечта» электроника дүкендеріне айыппұл салынды. Телекоммуникациялар комитеті елімізде 42 млн SIM карта сатылғанын анықтады. Егер оларды халық санына бөлсе, әрқайсысына 2-3 абонент нөмірінен келеді. Бірақ іс жүзінде бәрі басқаша.

«Жақында іске қосылған арнайы сервис арқылы азаматтар бірнеше мың нөмірдің иесі екенін анықтауда. Әрине, бұл азаматтар сол нөмірлер арқылы кімнің, қайда және не үшін қоңырау шалғанынан хабарсыз. Сол себепті, байланыс операторына хабарласып, белгісіз нөмірлерді бұғаттайды. Ал, бұғатталған SIM картаның пайдаланушылар байланыссыз қалады. Сондықтан да біз қазақстандықтардың құқықтарын қорғау үшін осындай тексеру жүргізу қажет деп есептейміз», - деді комитет төрағасы Виталий Ярошенко.

Сонымен қатар министрлік өкілі бұл мәселеде азаматтардың да жауапкершілік танытуы маңызды екенін атап өтті.

 

Хабар 24 телеарнасы