384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде 200-ге жуық көлік қар құрсауында қалды

  • 197
  • UPD: 18:45, 04.11.2019
Ақтөбеде 200-ге жуық көлік қар құрсауында қалды отырар.кз

Ауа райының күрт бұзылуынан Ақтөбе облысында жүздеген көлік қар құрсауында қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір Самара-Шымкент тас жолының Қарабұтақ ауылынан Қызылорда облысының аумағына дейінгі учаске жабық тұр. Ал осы 480 шақырымнан асатын аралықта 650 техника қалып қойған. Ондағы жолаушылар жол бойындағы жеті жылыту пунктіне, дәмхана және кемпингтерге орналастырылған. Қалыбай селосына 15 адам жеткізіліпті. Қалыптасқан жағдайға байланысты кешеден бері құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ырғыз ауданы мен өзге де елді мекендерден қар тазалағыш техникалар жұмылдырылған. Жол учаскесі әлі ашылған жоқ. Жағдайды бақылауда ұстап отырған мамандар жүк және жеңіл көліктер мен жолаушылардың қыс мезгіліне дайын болмағанын айтады. Көбісі sms-хабарлама арқылы жіберілген ескертуге де құлақ аспаған көрінеді. Бірақ үсік шалып, зардап шеккендер жоқ дейді.

Нұрлыбек Айжарықов, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы:

– Қазіргі таңда қиындық туғызып отырғаны Калиновка ауылы маңында 50-ге жуық автокөлігі қар құрсағында жатыр. Сол жерде «Қазақавтожолдың» күшімен жолдарды ашу жұмыстары жүріп жатыр. Ырғыз маңында 200-ге жуық автокөлік, Қарабұтақ ауылының маңында 400-ге жуық автокөлік бекеттерде жиналып тұр. Жолаушылардың өміріне және денсаулығына ешқандай қауіп жоқ.

 

Хабар 24 телеарнасы