429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда сәби көз жұмған орталық қалыпты жағдайда жұмыс істеуге көшеді

  • 645
  • UPD: 16:17, 04.11.2019

Сәби өліміне қатысты дауға қалған Атырау облыстық перинаталдық орталығы көп ұзамай қалыпты жағдайда жұмыс істеуге көшеді.

Ал қызметінен кетпек болған 32 дәрігердің 4-уі өтініштерін қайтып алды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді. Оның айтуынша, қалған 28 дәрігерді қызметтерінде қалдыру жөнінде түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ облыс басшысы аймақта дәрігер тапшылығының біртіндеп азайып келе жатқанын да айтты. 2016 жылы өңірге 160 медицина маманы керек болса, қазір бұл көрсеткіш 30-ға дейін қысқарыпты. 

Нұрлан Ноғаев, Атырау облысының әкімі:

- Біз 2017 жылы  226 бакалавриатқа баратын абитуриенттерге  қаражат бөлдік. Оның 35-і дәрігерлер. 2018 жылы 231 маманға қаражат бөлінді, оның 53-і дәрігер мамандығы. Биыл 56 дәрігер бакалавриатқа, 48-і резидентураға даярлауға бөлінді.

Хабар 24 телеарнасы