388,28 427,67 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында жолаушылар автобусымен болған апаттың себебі анықталуда

  • 118
Қостанай облысында жолаушылар автобусымен болған апаттың себебі анықталуда

Қостанай облысындағы жол апатынан екі адам қаза тауып, тағы үшеуі жарақаттанды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқыс оқиға Қашар-Рудный тас жолында болған. Ішінде 34 жолаушысы бар автобус жол шетінде жем-шөп тиелген трактормен соқтығысқан. Полицейлер жасаған медициналық тексеріс қорытындысы екі жүргізушінің де алкогольдік ішімдік қабылдамағанын растады.

Ирина Беженарь, ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

– Қазіргі уақытта қылмыстық іс шеңберінде жол-көлік апатының барлық мән-жайы анықталып жатыр. Осы факт бойынша 345-бап бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Хабар 24 телеарнасы