388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда көше бойындағы жабайы сауда жайлап барады

  • 89
  • UPD: 09:40, 05.11.2019
Оралда көше бойындағы жабайы сауда жайлап барады

Полиция қызметкерлері жүйелі түрде рейд жүргізіп, тротуарларды тауардан тазартқанымен, сатушылар тәртіп сақшылары кетісімен-ақ үйреншікті орындарына қайта жайғасуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жыл басынан бері 900-дей қаулы толтырылып, ескерту берілген. Рұқсат етілмеген жерде сауда жасағаны үшін жалпы сомасы 4 миллион теңгеге 200-дей айыппұл салынған. Шаһар басшылығы жол бойындағы саудагерлердің ресми базарға баруын талап етеді. Бүгінде қалада 21 базар болса, соның 8-і азық-түлік саудалайды

Біржан Жақиев, қалалық полиция бөлімінің бөлімше бастығы:

- «Жайық» базарында 10 шақты сатушы бір айдың ішінде бірнеше рет жауапкершілікке тартылды. 10 айлық есептік көрсеткіш – бұл 25250 теңге. Олар сол айыппұлды төлейді де саудаларын одан әрі жалғастырады. Демек, тауарлары өтіп тұр деген сөз.

Мейрам Қайыров, қалалық кәсіпкерлік бөлімі басшысының м.а.:

- Әкімдік тарапынан саяжай иелеріне қолдау көрсетілген. Біз олардың өздері өсірген өнімін сатуы үшін қаланың әр бөлігінен арнайы орындар айқындадық. Ал тротуар бойында, жолдың жиегінде жабайы сауданың қызуына көз жұмып қарай алмаймыз. Себебі ол тұрғындардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне тікелей байланысты.

 

Хабар 24 телеарнасы