384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қорғалжын қорығында киік атқандарға қорықшылар көмектескен

  • 219
  • UPD: 23:23, 06.11.2019
Қорғалжын қорығында киік атқандарға қорықшылар көмектескен

«Охотзоопром» кәсіпорнының инспекторлары Қорғалжын ауданындағы заңсыз атылған ақбөкендер ісіне кінәлі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алты ай бойы созылған тергеу амалдарының нәтижесі осындай.

Естеріңізге сала кетсек, биыл наурыз айында қорық аумағында 150-ге жуық жануардың өлексесі мен кесіп алынған мүйіздері табылған. Полицейлермен кінәлі тұлғалар ретінде екі қорықшы анықталды. Сирек кездесетін және жойылу алдында тұрған киіктерді қорғаудың орнына олар браконьерлерге көмектескен. Бұдан бөлек, тәртіп сақшылары аңдардың мүйізін сатып алған адамды да қолға түсірген. Елорда тұрғынының гаражынан арамен кесіп алынған 217 мүйіз тәркіленді. Ол заңсыз затты Ресейге тасымалдамақшы болған. Айыпты тұлғалар мемлекетке 1,5 млрд теңге шығын келтірілген.

Гүлнәр Пинчук, полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Аталған топтың әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 2-бабы, 337 жане 339-бабы бойынша сараланды. Қылмыстық іс аяқталып, сотқа жолданды.

Хабар 24 телеарнасы