384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда қазақ гимназиясы ашылды

  • 153
  • UPD: 10:06, 05.11.2019
Қостанайда қазақ гимназиясы ашылды

Қостанайда қазақ мектебі ашылды. 40 жыл бұрын салынған колледж ғимараты төрт айдың ішінде жаңа кейіпке еніп, гимназия атанды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқу ордасын жөндеуге 250 миллион теңге жұмсалды. Нысанның шатыры, су, жылу құбырлары ауыстырылды. Сыйымдылығы 900 орындық мектептің бүгінде жартысы толды. Сондай-ақ осы айдың соңына дейін шағын орталық жұмысын бастайды.

Айта кету керек, аталған білім ордасы Қостанайдағы жетінші қазақ мектебі.

Айгүл Қазиева, қалалық №28 мектеп-гимназиясының директоры:

- Барлық кабинеттер заман талабына сай жабдықталып отыр. Соның ішінде биология, химия, физика, информатика, ІТ-технология кабинеттерін мақтанышпен айтып өте аламыз. Әрбір кабинет, мысалы бір ғана физика кабинетін алатын болсақ, ол кабинет 2 млн 200 мың теңгеге түсіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы