410,33 456,25 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Рапс экспорттаудағы әлеуетіміз қандай?

  • 421
  • UPD: 12:53, 05.11.2019

Биыл еліміздің кей өңірлерінде егін бітік шықпады. Әсіресе, солтүстік облыстарда шілде ыстық болып, егіс күйіп кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның үстіне рапс алқаптарына зиянкес жәндік түсіп, диқандардың еңбегін еш етті. Бұл еліміздегі өсімдік майының өндірісіне қалай әсер етеді? Экспорттық әлеуетіміз әлсірей ме?

Биыл рапс егумен айналысқан диқандардың қамбасы толмай қалды. Себебі дән себілген 320 мың гектар жердің тек 250 гектарына ғана орақ түсіп, жиын-терім жүргізілді. Алынған өнім гектарына 6,5 центреден аспады. Өткен жылы 10 центнер болған еді. Өнімнің аздығына жазда құрғақ әрі ыстық ауа райының сақталуымен қатар күздің жауынды болуы кері әсер еткен.

Виктор Асланов, «Қазақстанның астығы мен зәйтүні» зерттеу орталығың басшысы:

Табиғаттың қолайсыздығымен қатар биыл егіс алқабына зиянкестерден едәуір шығын келді. Тіпті осы жәндіктер кейбір шаруа қожалықтарының егіс алқабын түгелдей тып-типыл етті. Олар жалпы егістіктің 30%-ін жойды десек болады.

Биыл рапстың бітік өнім бермеуі Қазақстан ғана емес, оны экспорттаудан көш бастап тұрған елдерде де байқалады. Десе де біздің еліміз май алынатын өсімдіктің бұл түрін өсіріп экспорттау бойынша әлемдегі топ ондыққа кіреді. Оны Еуропа елдеріне, Иранға, Ресей, Моңғолияға экспорттайды. Алайда шаруаларымыз Қытай нарығына шыға алмай келеді.

Виктор Асланов, «Қазақстанның астығы мен зәйтүні» зерттеу орталығының басшысы:

- Шаруалар Қытай нарығына тікелей шыға алмағандықтан, Ресей, Моңғолия арқылы сатып жүр. Яғни ресми түрде біздің өнім Ресейге экспортталады. Ол жақтан Моңғолияға жөнелтіледі. Сосын әрі қарай кетеді.

Марс Алмабек, ҚР АШМ агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының м.а.:

- Қытай Халық Республикасымен жұмыстарды жасап жатырмыз мына келісімшартқа. Қазіргі таңда фитосанитарлық талаптарды айқындауға қол қоюға біздің тарапымыздан арнайы өтінішіміз жіберілді. Қазір ол қаралып жатыр. Шамамен уақыты келер жылы ақпан, наурыз айларында қол қойылады деп есептеп отырмыз.

Қазір қазақстандық шаруалар рапсты Қытайға дайын өнім, яғни май түрінде экспорттайды. Бүгінге дейін 36 мың тоннасы жөнелтілді де. Енді оған қоса Қытайға күнбағыс, жасымық, күнжара, сынды ауылшаруашылық өнімдерін экспорттау туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бүгінге дейін қос тарап ұн мен зығырды еркін саудалау туралы байламға келген.

Авторлары: Талғатбек Әбдіқожа, Әділғазы Төлеміс, Өмірбек Ізімов

Хабар 24 телеарнасы